Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттама (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 18 қосымша) (2024.04.03. берілген өзгерістермен)

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 18-ҚОСЫМША

 

 

Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар

алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы

 хаттама

(2024.04.03. берілген өзгерістермен)

 

 

І. Жалпы ережелер

 

1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 71 және 72-баптарына сәйкес әзірленді және тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі тетігін айқындайды.

2022 ж. 9 желтоқсандағы Хаттамамен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 4 наурызда күшіне енді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

«аудиторлық қызметтер» - бухгалтерлік есепке, салық және қаржы есептілігіне аудит жүргізу жөніндегі қызметтер;

«бухгалтерлік қызметтер» - бухгалтерлік есепке қою, жүргізу, қалпына келтіру, салық, қаржы және бухгалтерлік есептілікті жасау және (немесе) тапсыру жөніндегі қызметтер;

«жылжымалы мүлік» - жылжымайтын мүлікке, көлік құралдарына жатпайтын заттар;

«дизайнерлік қызметтер» - бұйымдардың, ғимараттардың қасбеттерінің көркемдік нысандарын, сыртқы келбетін, үй-жайлар интерьерлерін жобалау жөнінде қызметтер көрсету; көркемдік конструкциялау;

«тауарлар импорты» - салық төлеушілердің (төлеушілердің) тауарларды бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына әкелуі;

«инжинирингтік қызметтер» - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру және өткізу процесін даярлау, өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, ауыл шаруашылығы және басқа да объектілерді салу мен пайдалануды дайындау жөніндегі инженерлік-консультациялық қызметтер, сондай-ақ жоба алды және жобалау қызметтері (техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындау, жобалау-конструкторлық әзірлемелер, техникалық сынақтар және олардың нәтижелерін талдау);

«құзыретті органдар» - мүше мемлекеттердің қаржы, экономика министрліктері, салық және кеден органдары;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции