Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттама (Бішкек қ., 2022 жылғы 9 желтоқсанда)

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы

ХАТТАМА

(Бішкек қ., 2022 жылғы 9 желтоқсанда)

 

ҚР 2024 жылғы 22 ақпандағы № 63-VIII Заңымен ратификацияланды

2024 ж. 4 наурызда күшіне енді

 

Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

1-бап

 

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 72-баптың 2-тармағының бірінші абзацы «мүше мемлекетте» деген сөздерден кейін «, осы Шартқа № 18 қосымшаға сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;

2) Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 18 қосымша):

2-тармақ жиырма бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер» - ақпараттық-телекоммуникациялық желі (электр байланысы желісі) арқылы, оның ішінде Интернет желісі арқылы көрсетілген, ақпараттық технологияларды пайдаланбай көрсету мүмкін болмайтын және тізбесін Комиссия Кеңесі бекітетін қызметтер;»;

28-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«Басқа мүше мемлекеттің салық органында есепте тұрған осы басқа мүше мемлекетте банк шотының ашылуына және (немесе) жылжымайтын мүлкінің және (немесе) көлік құралдарының және (немесе) осы басқа мүше мемлекеттің аумағы өткізу орны болып табылатын жұмыстарды орындамайтын (қызметтер көрсетпейтін) өкілдігінің болуына байланысты ғана бір мүше мемлекеттің салық төлеушісіне (ұйымына немесе дара кәсіпкерге) салық декларацияларын табыс ету және осы басқа мүше мемлекеттің бюджетіне ҚҚС төлеу жөніндегі міндет жүктелмейді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку