Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ 2015.21.04 № 347 ...

Осы редакция 2016 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 21 сәуірдегі

№ 347 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.26.01. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі әзірледі.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.26.01. № 29 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртібі

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.26.01. № 29 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:

Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы жүгінген кезде:

лицензия беру 15 (он бес) жұмыс күні ішінде іске асырылады;

лицензияның телнұсқасын беру 5 (бес) жұмыс күні ішінде іске асырылады;

қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте қызмет беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку