Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығы

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11079 тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:

Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы жүгінген кезде:

лицензия беру 15 (он бес) жұмыс күні ішінде іске асырылады;

лицензияның телнұсқасын беру 5 (бес) жұмыс күні ішінде іске асырылады;

қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку