Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕНШІКТЕГІ ҰЙЫМДАР АКЦИЯЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕ...

Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 27 мамырдағы № 659 Қаулысы

(2022.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (Серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру рәсімдері аяқталғаннан кейін өзгерістер қолданысқа енгізілді)

 

Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестерді басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 17.08.1999 № 1175 Қаулысына сәйкес 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берсін.

ҚР Үкіметінің 17.08.1999 № 1175 Қаулысына сәйкес 2-тармақ өзгертілді

2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестерге иелік ету және пайдалану құқықтары берілетін министрліктер және өзге де мемлекеттік органдар:

- дивидендтерді (серіктестіктердің қызметінен алынатын кірістерді) есептеудің уақытылығы мен толықтығын қамтамасыз етсін;

- 1999 жылдың 1 қарашасына Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестерін басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде қабылданған шаралар туралы есеп ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі министрліктермен бірлесіп бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку