Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНКТЕР МЕН БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН...

Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 39 Қаулысы

 

Осы редакция 2020 жылғы 21 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабына сәйкес, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің (бұдан әрі - аппараттық-бағдарламалық кешендер) бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫЕТЕДІ:

1. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - банк) қолма-қол ақша арқылы ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде берілетін аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің мынадай міндетті деректемелері белгіленсін:

1) банктің (оқшауланған бөлімшенің, өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшенің) атауы;

2) банктің (оқшауланған бөлімшенің) бизнес сәйкестендіру нөмірі;

3) аппараттық-бағдарламалық кешеннің салық органындағы тіркеу нөмірі;

4) аппараттық-бағдарламалық кешеннің бақылау чегінің банкте (оқшауланған бөлімшеде, өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшеде) берілген реттік нөмірі;

5) операция жүргізілген күн және уақыт;

6) операцияның атауы;

7) әрбір жүргізілген операцияның сомасы;

8) жүргізілген операциялар бойынша жалпы қорытынды.

2. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің бақылау чегі аппараттық-бағдарламалық кешенін әзірлеушінің техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде қосылған құн салығының сомасы туралы деректерді қосымша қамтуы мүмкін.

3. Аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны - тік бұрышты.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку