(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ»...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы
(2016.27.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, 82-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі құрылсын.
2. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2016 жылғы ақпанның 3-і.
№ 188
ҚР Президентінің 2016.27.09. № 341 Жарлығымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 3 ақпандағы
№ 188 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің
ҚҰРАМЫ
Смолин Анатолий Сергеевич | - Төраға |
мүшелері:
Рычков Владимир Васильевич | - Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьясы |
Балағұмарова Ардақ Дүйсенбекқызы
| - Астана қалалық сотының судьясы |
Қаржаубаев Ербол Қазиұлы
| - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор |
Кудекова Ләзат Серікқызы
| - Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы |
Құрықбаев Әділ Жамбасбайұлы
| - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы |
Мамонтов Николай Иванович
| - отставкадағы судья |
Пазылов Нәби Әлиакбарұлы
| - отставкадағы судья |
Раисова Балгүл Амангелдіқызы
| - Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының кеңесші |
Редакция документа
Демо – версия документа