(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІН...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 Қаулысы
(2018.04.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже;
2) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 236 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-1) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 236 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестаттау комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiне, оған министрлiктiң бақылау-қадағалау және реттеу функцияларын бере отырып, қайта құру жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
| Д. Ахметов |
Редакция документа
Демо – версия документа