(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНКАРАЛЫҚ АҚША АУДАРЫМДАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ Қ...
Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 201 Қаулысы
(2024.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2024.28.06. № 33 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 16) тармақшасына және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. «Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 259 Қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13078 тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Төлем жүйелері департаменті (Ашыкбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Редакция документа
Демо – версия документа