(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАТЫН МЕМЛЕК...
Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 8 ақпандағы № 183 қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
И. Тасмағанбетов |
Үкіметінің
2002 жылғы 8 ақпандағы
№ 183 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың
ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану
Ережесі
1. Осы мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың (бұдан әрі - мұрағаттық мекемелер) ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану ережесі мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың мұрағат құжаттарын жасаушылар мен және пайдаланушылармен қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді.
2. Мұрағаттық мекемелер жеке және заңды тұлғаларға ақылы қызметті мына бағыттар бойынша көрсетеді:
1) мұрағат ісін және құжаттамалық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізу және әдістемелік әзірленімдер енгізу;
2) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу;
3) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтініштері) бойынша құжаттау мен құжаттамаларды басқарудың қазіргі заманғы негіздеріне оқыту жөніндегі курстар мен семинарлар өткізу;
Редакция документа
Демо – версия документа