«Мейіргерлік күтім көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № ҚР ДСМ-199/2020 бұйрығы (2025.13.04. берілген өзгерістермен)
Мейіргерлік күтім көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № ҚР ДСМ-199/2020 бұйрығы
(2025.13.04. берілген өзгерістермен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 31 наурыздағы № 26 бұйрығын қараңыз (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025.31.03. № 26 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 127-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мейіргерлік күтім көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 168 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10803 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» акпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № ҚР ДСМ-62 бұйрығымен бекітілген, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтар тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18637 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Демо – версия документа