«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 823 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 823 Қаулысы
(2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары таратылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Демо – версия документа