(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.02.12 № 1267 ҚАУЛЫСЫ
Туризм объектісін салу және оның жұмыс істеуі үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген жер учаскелерін Алматы қаласының босалқы жерлеріне ауыстыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1267 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу және оның жұмыс істеуі үшін «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 1002,0 гектар жері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан Алматы қаласы Медеу ауданының босалқы жерлері санатына ауыстырылсын.
2. Алматы қаласының әкімдігі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыруға байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджеттiң кiрiсiне өтесiн.
Редакция документа
Демо – версия документа