(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 Қаулысы
(2016.04.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 20 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 18 қарашадағы
№ 1068 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2015.12.10. № 821 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2014.24.02. № 129 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2016.04.02. № 53 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1271 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 43, 394-құжат):
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «мемлекеттік өртке қарсы қызметпен» деген сөздер «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 5) тармақшасындағы «ішкі істердің,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын.
5. ҚР Үкіметінің 2011.10.02. № 125 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
Редакция документа
Демо – версия документа