Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік мекемелерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беру және оларды қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қыркүйектегі № 789 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)

Мемлекеттік мекемелерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беру және оларды қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қыркүйектегі № 789 Қаулысы

(2022.19.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілсін.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.

3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) республикалық мемлекеттік мекемелердің әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 26 қыркүйектегі

№ 789 қаулысына

1-қосымша

 

 

Берілетін мемлекеттік мекемелердің

 тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

«Б. Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 26 қыркүйектегі

№ 789 қаулысына

2-қосымша

 

 

Қайта аталатын республикалық мемлекеттік мекемелердің

тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции