«Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығы (2024.27.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығы
(2024.27.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидалары бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 4 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
2015 жылғы 8 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
В. Школьник
2015 жылғы 4 маусым
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.06.09. № 379 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 18 мамырдағы
№ 19-1/446 бұйрығымен
бекітілген
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Демо – версия документа