(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ҚҰЖАТТАМАСЫ...
Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы
(2022.01.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.01.07. № ҚР ДСМ-62 бұйрығымен атауы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.01.07. № ҚР ДСМ-62 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 31) және 33) тармақтарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес стационарларда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының нысандары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес стационарларда және амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының нысандары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының нысандары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес басқа үлгідегі медициналық ұйымдардың медициналық есепке алу құжаттамасының нысандары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдардың құрамындағы зертханалардың медициналық есепке алу құжаттамасының нысандары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қан қызметі ұйымдарының медициналық есепке алу құжаттамасының нысандары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының есепке алу медициналық құжаттамалары нысандарының тізбесі;
Редакция документа
Демо – версия документа