«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 939 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 22 маусым
№ 939
Президентінің
2022 жылғы 22 маусымдағы
№ 939 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 993 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер
саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесші | - | төраға |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары | - | төрағаның орынбасары |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары | - | төрағаның орынбасары |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі | - | хатшы |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі |
Демо – версия документа