(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТIК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТШIЛЕРГЕ ПИЛОТТЫҚ РЕЖИМД...
Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 Қаулысы
(2018.27.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - пилоттық органдар) тізбесі бойынша пилоттық органдар үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимі енгізіледі;
2) пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесіне негізделеді;
3) пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне еңбекақы төлеу лауазымдық айлықақылар схемасы, сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеу, үстемеақылар, өтемақылар, бонустар негізінде жүргізіледі;
4) қызмет бабында пайдалану үшін;
5) пилоттық органдардың қызметтегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерлері төмендеген жағдайда олардың 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша лауазымдық айлықақыларының нақты мөлшерлері сақталады деп белгіленсін.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлу;
2) қызмет бабында пайдалану үшін;
Бонустарды төлеу бөлігі 2019 ж. 30 маусымға дейін қолданылады
3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
Редакция документа
Демо – версия документа