«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 724 Қаулысы (күші жойылды)
«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 724 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 828 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 85-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы (бұдан әрі - ұлттық жоба) бекітілсін.
2. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге ұйымдар (келісу бойынша):
1) ұлттық жобаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұлттық жобаның орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық жобаның жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен көзделген іс-шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 12 қазандағы
№ 724 қаулысымен
бекітілген
«Ұлттық рухани жаңғыру»
ұлттық жобасы
1. Паспорт
1. Атауы | «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы |
Документ утратил силу
Демо – версия документа