«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 407 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)
«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 407 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 16733 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Документ не введен в действие
Демо – версия документа