(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАРАТЫЛУЫ ШЕКТЕЛГЕН ҚЫЗМЕТТІК АҚПАРАТҚ...
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 Қаулысы
(2023.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 45-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларының 12, 13, 14-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 24 маусымдағы
№ 429 қаулысымен
бекітілген
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа
жатқызу және онымен жұмыс істеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес әзірленді және барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар) үшін мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын құжаттарды, істер мен басылымдарды ресімдеу, есепке алу, көбейту, сақтау, пайдалану, мемлекеттік сақтауға іріктеу мен беру және жоюға бөлу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қамтитын қызметтік ақпаратпен жұмыс тәртібіне қолданылмайды.
Редакция документа
Демо – версия документа