«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 423 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтыру) бекітілсін.
2. Осы Жарлық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 1-тармағының он жетінші және он сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 28 желтоқсан
№ 423
Президентінің
2023 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 423 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУ
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жүктелген міндеттерді шешу және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесін құқықтық, кадрлық, ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-техникалық, әскери-медициналық (медициналық), қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің бірыңғай саясатын тұжырымдау;»;
99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«99) ұлттық қауіпсіздік органдарында ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
135) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа