Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы (күші жойылды)

Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы

 

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 31 қазандағы № 37 бұйрығымен күші жойылды

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2 және 3-тармақтарына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің жедел-іздестіру бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органдарының жедел-іздестіру бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары мен шарттары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку