«2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 350 Қаулысы
«2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 350 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы:
1) 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығындағы кезеңде интернет желісі арқылы онлайн режимде;
2) 2021 жылғы 1 - 30 қазан аралығындағы кезеңде планшеттерді пайдалану арқылы өткізілсін.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша):»;
көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 26 мамырдағы
№ 350 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 19 маусымдағы
№ 419 қаулысымен
бекітілген
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындалу мерзімі | Қаржыландыру көлемі (мың теңге) | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Демо – версия документа