(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨНЕРКӘСІПТІК МЕНШІК САЛАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР ТУ...
Өнеркәсіптік меншік саласындағы кейбір мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1350 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 20 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2018 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 161 Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған:
1) Патенттік кооперация туралы шартқа және Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді қарау қағидасы, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
2) Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі және Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне Хаттамаға сәйкес тауар таңбасына өтінімді қарау қағидасы, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1350 бұйрығына
1-қосымша
Редакция документа
Демо – версия документа