(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КӨМІРСУТЕКТЕР, УРАН ӨНДІРУ САЛАСЫНДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН П...
Көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 453 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 23 қарашадағы № 77 бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану бойынша қызметін жүргізетін жеке және заңды тұлғаларға қатысты көмірсутек саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тексеру парағы тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тексеру парағы бекітілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа