«Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 734 бұйрығы
«Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 734 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10760 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мәмілелер мониторингін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары «Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10680 болып тіркелген) сәйкес халықаралық іскерлік операциялар бойынша мәмілелерге қатысушылар кірістердің (шығыстардың) және (немесе) міндеттемелердің есепті қаржы жылындағы жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болатын кемінде 250 000 айлық есептік көрсеткішті құрайтын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша қолданылатын бағаларға бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырады.»;
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Демо – версия документа