«Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат нысанын және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 931 бұйрығы (2025.27.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат нысанын және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 931 бұйрығы
(2025.27.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020.14.09. № 197-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2023.19.12. № 441-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 11) және 21) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020.14.09. № 197-НҚ бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсетудің қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес типті бекіту белгісінің нысаны бекітілсін.
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2023.19.12. № 441-НҚ бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Демо – версия документа