Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметінің мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 123 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметінің мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 123 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар мен біліктіліктер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 58 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13654 болып тіркелген) күші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академияның ректорына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуроры

 

Б. Асылов

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуроры

2022 жылғы 8 маусымдағы

№ 123 бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының

тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13671 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку