«Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын Ережелер бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 266 бұйрығы (2023.19.02. берілген өзгерістермен)
«Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын Ережелер бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 266 бұйрығы
(2023.19.02. берілген өзгерістермен)
«Мемлекттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабынна сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоңқолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты |
Е. Тұрғымбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
сандық даму, инновация және
аэроғарыштық өнеркәсіп министрілігі
ҚР Ішкі істер министрінің 2023.01.02. № 110 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2023 ж. 19 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 266 бұйрығына
1-қосымша
Демо – версия документа