(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАРДЫ АЙҚЫНДАУ ТУРАЛ...
Білім беру саласындағы лицензияларды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 Қаулысы
(2020.22.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2017.19.06. № 379 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.26.10. № 687 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім, кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, діни білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің білім саласындағы аумақтық бақылау департаменттері бастауыш білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып;
3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар айқындалсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж, № 18, 311-құжат);
Редакция документа
Демо – версия документа