«Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 637-НҚ бұйрығы
Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 637-НҚ бұйрығы
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлар беру қағидалары бекітілсін.
2. «Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 117 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16765 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
К. Искаков |
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Демо – версия документа