«2017 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 669 Қаулысы
2017 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 669 Қаулысы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 525 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«I. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар» деген бөлімде:
«Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» деген 1-функционалдық топта:
мына:
«
245 | Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі | 461 799 | ||||||
006 | Жоғарғы деңгейдің домендік атаулары серверлерінің істен шығуға қарсы тұруын қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттық-коммуникациялық желілер мониторингінің ақпараттық жүйесін құру | 461 799 | ||||||
оның ішінде инвестициялық жобалар: | ||||||||
Өзгелер | 461 799 | |||||||
Жоғарғы деңгейдің домендік атаулары серверлерінің істен шығуға қарсы тұруын қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттық-коммуникациялық желілер мониторингінің ақпараттық жүйесін құру | 461 799 |
»
деген жолдар алып тасталсын;
«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» деген 3-функционалдық топта:
мына:
«
410 | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті | 700 000 | ||||||
002 | Ұлттық қауіпсіздік жүйесін дамыту бағдарламасы | 700 000 |
Демо – версия документа