Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 868 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.

2. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Тұжырымдаманың іс-қимыл жоспарында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 15 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 1 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2022 жылғы 15 шілдедегі

№ 482 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі

 тұжырымдамасы

 

 

1. Паспорт

2. Ағымдағы жағдайды талдау

2.1. Тікелей шетелдік инвестициялар

2.2. Тікелей шетелдік инвестициялардың әлемдік легінің жаһандық және өңірлік үрдістері, сондай-ақ инвестициялық саясат саласындағы әлемдік трендтерге шолу

2.3. Негізгі капиталға инвестициялар

2.4. Инвестициялар тарту саласындағы қолданыстағы жүйені және мемлекеттік саясатты талдау

2.5. Негізгі проблемалар мен тенденциялар

3. Халықаралық тәжірибеге шолу

4. Инвестициялық даму пайымы

5. Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку