Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 102 Қаулысы (күші жойылды)

«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 102 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 954 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі (бұдан әрі - тізбе) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін тізбенің 3-тармағының 13), 14) және 15) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 3 наурыздағы

№ 102 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 20 шілдедегі

№ 754 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы)

құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының

тізбесі

 

1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:

1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);

2) жілiншiк протездерi;

3) жамбас протездерi;

4) кеуде бездерінiң протездерi;

5) аппараттар, туторлар;

6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;

7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;

8) бандаждар, емдік белбеулер, балалардың профилактикалық шалбаршалары;

9) ортопедиялық аяқкиім және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар);

10) аппараттарға арналған аяқкиім;

11) жейде киюге арналған құрылғы;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку