(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.14.02. № 109 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Ырғыз-Торғай
мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 109 Қаулысы
(2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының аумағында жалпы алаңы 763549,0 гектар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2. Республикалық маңызы бар Торғай мемлекеттік табиғи қаумалының аумағындағы жалпы алаңы 52000,0 гектар жер учаскесі және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының аумағындағы жалпы алаңы 711549,0 гектар босалқы жер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын және олар осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығында мекемеге берілсін.
3. Ақтөбе облысының әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала және (немесе) шектей отырып, мекеме жерінің айналасында күзет аймағын белгілесін.
4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен жергілікті жерде мекеме жерінің шекараларын белгілесін.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті белгіленген тәртіппен:
1) мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетін сомалар есебінен және шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Редакция документа
Демо – версия документа