(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 154 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 3 сәуірдегі
№ 154 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі.».
2. «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 164 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 53-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесiнде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа