«Келісімшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 500 бұйрығы (2016.25.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Келісімшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 500 бұйрығы
(2016.25.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 346 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Келісімшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану деппартаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интеранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрықт Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 15 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Документ утратил силу
Демо – версия документа