«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 846 Қаулысы
«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 846 Қаулысы
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 3014 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына 5 субаймақ: ауданы 297 гектар тарихи орталық, ауданы 1350 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 365 гектар және 35 гектар өнеркәсіптік аймақтар, ауданы 967 гектар әуежай кіреді.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 13 қарашадағы
№ 846 қаулысына
1-қосымша
«TURKISTAN» арнайы
экономикалық
аймағы туралы ережеге
қосымша
«TURKISTAN» Арнайы экономикалық аймағы шекараларының
жоспары
Демо – версия документа