«Қазақстан Республикасының «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 10 шілдедегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 127-ө өкімі
Қазақстан Республикасының «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 10 шілдедегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 127-ө өкімі
Қазақстан Республикасының «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 10 шілдедегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған қабылдануы Қазақстан Республикасының «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 10 шілдедегі заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытсын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 15 тамыздағы
№ 127-ө өкімімен
бекітілген
Демо – версия документа