Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ БІ...

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 500 бұйрығы

(2020.26.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку