«Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 387 Қаулысы (күші жойылды)
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 387 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 532 Қаулысымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін баспа басылымдарының кейіннен ресми жариялауының тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері;
Документ утратил силу
Демо – версия документа