(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ ЖҰМЫС...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 17 мамырдағы № 873 Жарлығы
(2023.16.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 3 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2023.15.02. № 127 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 2016.09.06. № 275 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Заң жобасы қызметінің сапасын арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2023.15.02. № 127 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидалары бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы № 3044 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 28, 239-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Президентінің 2002 жылғы
17 мамырдағы № 873 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Редакция документа
Демо – версия документа