«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 286 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 17 шілде
№ 286
Президентінің
2023 жылғы 17 шілдедегі
№ 286 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылы уәкілетті орган мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бірлескен құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.».
2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Агенттіктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Б блогы.»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
Демо – версия документа