(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 444 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 15-жолдың 3-бағанындағы «802» деген сандар «792» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 17-жолда:
2-бағандағы «министрлігі,» деген сөзден кейін «оның аумақтық органдарын және» деген сөздермен толықтырылсын;
3-бағандағы «997» деген сандар «1007» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 632 қаулысында:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті - «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1208 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«VI. Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлімде:
«Бюджеттік бағдарламаның нысаны» деген 3-қосымшада:
Редакция документа
Демо – версия документа