«Бурабай» арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 632 Қаулысы (2009.31.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 632 Қаулысы
(2009.31.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 118 Қаулысымен күші жойылды
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2008.17.07. № 696 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.31.03. № 444 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті - «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әкімшілік) құрылсын.
2. Әкімшілік қызметінің негізгі мәні:
1) мемлекеттік органдармен арнайы экономикалық аймақ қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;
2) жер учаскелерін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге уақытша өтеусіз жер пайдалануға (жалға) беру;
3) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы сомасының есеп-қисабын жасау;
4) жеке және заңды тұлғаларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу туралы шешім қабылдау;
5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен қызмет жүргізу туралы келісім жасасу;
6) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының қызмет жүргізу туралы келісімді орындауы бойынша тексерулер жүргізу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қызметі туралы мемлекеттік органдарға ақпарат беру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инфрақұрылымдық ресурстарды салуды және кейіннен оларға пайдалану қызметін көрсетуді ұйымдастыру болып анықталсын.
ҚР Үкіметінің 2008.17.07. № 696 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Әкімшілік туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен оператор компанияны айқындасын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Документ утратил силу