Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 22 бұйрығы (күші жойылды)

«Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 22 бұйрығы

 

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 22 мамырдағы № 9 бұйрығымен күші жойылды

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26493 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген аттестаттауға жататын қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттарында:

1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығын айқындау бойынша нормативтер осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында ресми жарияланған бірінші күннен кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аппарат басшысына жүктелсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку