«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 27 қазандағы № 176-ө өкімі (2023.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 27 қазандағы № 176-ө өкімі
(2023.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Мемлекеттік тіл саясатын іске асыруды одан әрі жетілдіру мақсатында:
1. Осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Осы өкімге 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
ҚР Премьер-Министрінің 2023.28.11. № 187-ө өкімімен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 27 қазандағы
№ 176-ө өкіміне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы, хатшы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Демо – версия документа