«Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 138 бұйрығымен бекітілген) (2020.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 138 бұйрығымен бекітілген
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен күші жойылды
«Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалар
(2020.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.05.07. № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) зираттарды пайдалануға және күтіп ұстауға, мәйіттерді жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
2. Осы санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
жерлеу бюросы, жерлеу қызметін көрсететін бюро-дүкендер - азалы рәсімдер жүргізу үшін тауарлар өткізу және қызмет көрсету жөніндегі объектілер;
зират - мәйіттерді жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;
зираттық кезең - мәйіттерді минералдау процестері аяқталатын уақыт;
көму (жерлеу) - санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, қайтыс болған адамның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрыпқа және салт-дәстүрге сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, табытқа) жерлеу немесе сүйегі (күлі) бар урнаны қабірге, табытқа жерлеу арқылы отқа жағу (кремациялау) бойынша әдет-ғұрып әрекеттері;
сүйек - мәйіттің шірімеген қалдықтары.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.05.07. № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Зираттарды, жерлеу мақсатындағы объектілерді жобалауға және пайдалануға беруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Зираттарды мынадай:
Документ утратил силу
Демо – версия документа